jasqazaq.kz

Путиннің сөздерінен кейін «Бәйтерек» атауы өзгереді

08 қыркүйек 2019, 10:37

Байқоңыр ғарыш айлағында салынып жатқан «Союз-6» және «Союз-5» орта және жартылай ауыр класстағы зымыран-тасығыштарын ұшыратын зымыран-ғарыш кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталады. Ақпарат Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысынан кейін мәлім болды.

Бұл туралы Роскосмостың сайтында хабарланды. «Старт кешені «Назарбаев бастауы (немесе старты)» деп аталады», — делінген Роскосмостың хабарламасында. Сенбі, 7 қыркүйекте Путин Мәскеуде болған Қазақстанның экс-президентімен кездесу барысында Ресей мен Қазақстан бірлесіп Байқоңырда салып жатқан «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне атауды ұсынған. Ұсыныс Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин және цифрлық даму, инновация министрлері мен Қазақстанның аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиевтің көзінше айтылды. Байқоңырда «Союз-5» зымыран-тасығыштарының ұшу сынақтарының басталуы 2023 жылға жоспарланған, қажетті жерүсті инфрақұрылымы да 2023 жылға дайын болуы тиіс. Ал «Союз-6» зымыранын сынау 2025 жылға жоспарланған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде