jasqazaq.kz

Путиннің баспасөз хатшысы Ресей телеарнасындағы Қазақстанға қатысты мәлімдемелерге жауап берді

24 қараша 2022, 9:59

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік телеарналарда Қазақстанға қатысты айтылған даулы мәлімдемелерге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан «Россия 1» телеарнасындағы «Вечерний Владимир Соловьев» бағдарламасында айтылған мәлімдемелер Кремльдің ұстанымымен қаншалықты сәйкес келетінін сұрады.

«Бұл саясаттанушылардың пікірі. Ол пікір үкіметтің, Кремльдің саяси ұстанымын білдірмейді. Оларды тыңдап, көрудің қажеті жоқ», — деді Песков.

Песковтың айтуынша, әртүрлі адамдар бар, олардың көзқарасы да әртүрлі. Алайда олардың ресми билікке ешқандай қатысы жоқ.

Еске салайық, Ресейдің «Россия 1» телеарнасындағы бағдарламада сарапшылардың бірі «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема — Қазақстан» екенін айтқан. Бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко пікір білдірген болатын.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр