jasqazaq.kz

Путин мен Ердуан қандай келісімге келді?

06 наурыз 2020, 12:39

Кремльде Владимир Путиннің Түркия президенті Тайип Ердуанмен келіссөздері аяқталды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей мен Түркия президенттерінің Кремльдегі келіссөздері 5 сағат 40 минутқа созылды. Оның ішінде үш сағат бойы әңгіме көзбе-көз өтті. Нәтижесінде мынадай шешімге келді:

Сириядағы жағдайды реттеу жөнінде құжаттарға қол қойылды.
6 наурыздың түнінен бастап әскери әрекеттерді тоқтату.
Ресей мен Түркия Сириядағы М4 тас жолынан солтүстікке және оңтүстікке қарай ені алты шақырым болатын қауіпсіздік дәлізін құрады.
Ресей мен Түркия 15 наурыздан бастап М4 тасжолын бірлесіп патрульдеуді бастайды.

Путиннің айтуынша, Ресей Сирияда болып жатқан жағдайға Түркия тарапынан айтылатын мәлімдемелерімен әрдайым келісе бермейді, алайда елдер арасындағы жақсы қарым-қатынастың арқасында олар қиын сәттерде ортақ шешім таба алады.

Ал Ердуан аймақтағы жағдайды ушықтырып алмау мақсатында Түркия оқ атуды тоқтату үшін барлық қажетті шараны жасайтынын атап өтті.

Ресей сириялық қақтығыста президент Башар Асадтың режимінің бірден-бір одақтасы саналады. Ресей әскери авиациясының қолдауымен Асад әскерлері Идлиб провинциясында шабуыл жасады, бұл Түркия қолдайтын террористер мен сирия оппозициясының соңғы ошағы.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде