jasqazaq.kz

Путин: Қазақстандық төрағалықтың бастамаларын қолдаймыз

13 қазан 2022, 14:07

Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI саммитінде Ресей қазақстандық төрағалықтың бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бүгінгі кездесу жаһандық саясат пен экономикадағы елеулі өзгерістер аясында өтіп жатыр. Әлем шынымен, көпполярлы болып жатыр. Азия бұл орайда өте маңызды», — деді Ресей президенті.

Өз сөзінде ол Ауғанстан аумағындағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін «экономикалық қалпына келуіне бірлесіп жәрдемдесу қажет» екенін атап өтті. Путин «оккупация жылдарында ауғандықтарға келтірілген залалдың орнын толтыруға және заңсыз бұғатталған ауған қаражатын жұмсауға» шақырды.

«Біздің Азиядағы көптеген серіктесіміз сияқты, ондаған жыл бойы капитал мен технологияның барлық ағынын қамтыған өзін-өзі жариялаған «алтын миллиард» біреудің есебінен өмір сүруге мүмкіндік беретін әлемдік қаржы жүйесінің жұмыс принциптерін қайта қарауды бастау қажет деп санаймыз. Бірінші кезектегі қадам ретінде біз өзара есептеулерде ұлттық валюталардың неғұрлым белсенді қолданылуын көреміз. Мұндай шаралар мемлекеттеріміздің қаржылық егемендігін нығайтуға, капиталдың ішкі нарықтарын дамытуға, өңірлік экономикалық интеграцияларды тереңдетуге ықпал ететіні сөзсіз», — деді ол.

Путин Ресей АӨСШК-нің барлық елімен қарым-қатынасты дамытатынын мәлімдеді.

«Кеңесте бірлескен жұмыс ілгерілеп келе жатқанын айта аламын. Ресей осы кездесуде ұсынылған барлық елмен ынтымақтастықты одан әрі дамытады. Қазақстандық төрағалықтың бастамаларын қолдаймыз», — деп түйіндеді Владимир Путин.

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтіп жатыр. Іс-шараға 11 мемлекет басшылары қатысады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр