jasqazaq.kz

Путин Грузиямен арада әуе қатынасына тыйым салды

22 маусым 2019, 15:51

РФ Президенті Владимир Путин жұма күні Грузияға жолаушы тасымалдайтын әуе қатынасына тыйым салатын Жарлыққа қол қойды. Тыйым 8 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.

«2019 жылдың 8 шілдесінен бастап ресейлік әуе компанияларының азаматтарды Ресей Федерациясының аумағынан Грузия аумағына тасымалдауына (соның ішінде коммерциялық) уақытша тыйым салынады», — делінген құжатта. Жарлық мәтінінде туристік агенттіктер мен туроператорларына тыйым күшінде тұрған уақытта азаматтарға туристік өнімдерді сатпауға кеңес берілген. Путин РФ үкіметіне уақытша Грузияда жүрген ресейлік азаматтардың Отанына қайту шараларын қарастыруды тапсырды. Құжатта айтылғандай, Жарлыққа «Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігін, Ресей Федерациясы азаматтарын қылмыстық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау мақсатында» қол қойылған. Айта кетейік бейсенбі, 20 маусым күні Ресей делегациясы Православие парламентаралық Бас ассамблеясына қатысқан болатын. Делегацияны басқарушы және АСМ басшысы РФ мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың сессия кезінде Грузия парламенті спикерінің креслосына отырып, жиналғандарға орыс тілінде сөйлегені оппозицияның наразылығын тудырды. Грузияның оппозициялық депутаттары мұны қорлау деп бағалап наразылықтарын білдіріп, Бас ассамблеяның жұмысын тоқтатты. Наразылық білдірушілер Парламент ғимаратына шабуылдады.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде