jasqazaq.kz

ПТР-тесттің теріс анықтамасын саудалаған дәрігер ұсталды (видео)

06 тамыз 2020, 22:59

Covid-тен ада болудың құны 25 мың теңге. Алматы облысында ПТР-тесттің теріс анықтамасы осынша сомаға саудаланған. Дәрігер анықтаманы сараптама жүргізбей-ақ, сатып жатқан жерінен қолға түсті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Айнұр Ыдырысова, Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі:

— ПТР-тесттеріне теріс нәтиже көрсетілген анықтама беру үшін 25 мың теңге сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды.

Заңсыз әрекеті әшкере болған дәрігер маусым айынан бері кемі 12 азаматқа осындай жалған анықтама сатқанын мойындаған. Сол 12 адамның да мәселесі қаралып жатыр. Себебі, арасында вирус жұқтырғаны да болуы мүмкін. Ал қылмыс үстінде қолға түскен дәрігер 14 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалауы мүмкін немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия