jasqazaq.kz

ПТР-тесті жоқ азаматтар Қарағанды облысына кірмейді және шығарылмайды

02 қараша 2020, 15:32

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа ережеге сәйкес, өңірге кіруге немесе шығуға міндетті түрде ПТР-тест нәтижесі талап етіледі. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау, Қарқаралы және Осақар ауданнында 4 қарашадан бастап санитарлық бекеттер орналастырмақ. Бұл бекеттердегі жолаушылар мен жүргізушілер қозғалысын тексеруді аудан әкімдері қадағалайды.

Жаңа құжатқа сәйкес, құқық қорғау органдары ПТР-тестінің нәтижесі жоқ азаматтарды облыстан шығармауға немесе кіргізбеуге құқылы. Ал санитарлық талаптарға бағынғысы келмейтіндерге заң бойынша шара қолданылады.

Еске салайық, бұған дейін дейін санитарлық бекеттен өту үшін propusk.kz сайтынан рұқсат қағазын алу керектігі айтылған еді. Бекеттерде полиция және медицина қызметкерлері кезекшілік жасайды.

Өз кезегінде әкімдік қызметкерлері қала және облыс тұрғындарын аса қажетті болмаса басқа аймақтарға шықпауға кеңес берді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия