jasqazaq.kz

ПТР-сынамасының бағасы арзандады

21 желтоқсан 2021, 16:51

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға жағдайын қадағалау және COVID-19-ға ПТР-тестілеуді өткізу бойынша зертханалық қызметтер нарығында бағаны арзандату бойынша оң нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылы 6 желтоқсанда Ұлттық сараптама орталығы COVID-19-ға ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін арзандатты. Айта кетейік, Ұлттық сараптама орталығы еліміздің 17 өңірінде қызмет көрсетеді.

ПТР-сынамасын тапсыру құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін, Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін арзандатылды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін арзандатты.

Ал республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы (7,4 мың теңге) бұрынғы күйінде қалды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр