jasqazaq.kz

ПТР анықтамасыз ұшып келген 2 елордалық әуежайдан қашып кетті

23 қазан 2020, 10:44

329 қазақстандық елге ПТР анықтамасыз ұшып келді.

«Бүгін түнде Шарм-эль-Шейхтан ПТР анықтамасыз ұшып келген Нұр-Сұлтан қаласының 2 тұрғыны ПТР сараптама тапсыру үшін карантинге апаратын арнаулы автобусқа отырғызу барысында әуежайдан қашып кетті. Көліктегі полиция қызметкерлері шұғыл арада олардың тұрғылықты жерлерін анықтап, карантиндік стацонарға жеткізді», — деп жазды ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов Facebook парақшасында.

23 қазан күні түнде елімізге 11 рейспен 1291 жолаушы ұшып келді.

«Оларды 962-сінде ПТР анықтама болса, 329 жолаушыда анықтама болмай шықты. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласына 5 рейспен келген 522 жолаушының 373-інде анықтама болса, 149-ында анықтама болмады. Алматыға 5 рейспен 728 жолаушы келді. Оның 548-і анықтамамен, 180-і анықтамасыз жеткен. Ал Ақтауға 1 рейспен жеткен 41 жолаушының барлығының анықтамасы бар, — деді санитар дәрігер. Оның атап өтуінше, анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР сараптама тапсыру үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік стационарға жатқызылды.

»Жолаушылар Түркия, Мысыр, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден халықаралық әуе рейстерімен келді«, — деді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия