jasqazaq.kz

ПТР анықтамасы жоқ 32 шетелдік кері қайтарылды

01 шiлде 2021, 15:48

Алматыда ПТР анықтамасы жоқ 32 шетелдік депортацияланды.

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында мегаполистің халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Алматыда коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі штабтың дерегі бойынша 2020 жылдың 6 қазанынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін қаланың халықаралық әуежайына бортында 424 799 жолаушы бар 2935 рейс келген. Оның ішінде COVID-19 теріс нәтижесі бар анықтамамен — 395 431, вакциналану паспорттарымен — 3836, анықтамасыз 25 532 адам болды.

25500 адам карантиндік стационарға жатқызылды. Түркиядан (37), БАӘ-ден (35), Египеттен (33), Беларусьтан (5), Украинадан (7), Мальдивтерден (4), Оңтүстік Кореядан (2), Малиден (1), Ресейден (1).

ПТР анықтамасы жоқ 32 шетелдік азамат Алматы әуежайынан елдеріне қайтарылды.

Еске салсақ, мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мутацияланған «дельта» штаммының анықталуымен күрделене түсуде.

1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 74 306 жағдайы тіркелді, оның 57 841-і симптомды, 16 465-ы симптомсыз, 1 993 жағдайы анықталмаған пневмония.

30 маусымда коронавирус инфекциясының 305 жағдайы тіркелді, оның 282-сі симптомды, 23-і симптомсыз. Тәуліктік өсім — 0,4%. Репродуктивті саны — 1,287.

29 маусымдағы жағдай бойынша зерттелген сынамалардағы үнді штаммының үлес салмағы 78,3%.

Сондықтан Алматыдағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі штаб қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтауға, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуға шақырады.

Сонымен қатар, әркім өзі мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін вакцина алғандары жөн.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия