jasqazaq.kz

Психологиялық ауытқуы бар 16 жастағы қыз жоғалып кетті

10 наурыз 2020, 19:39

Алматыда психологиялық ауытқуы бар 16 жастағы қыз жоғалып кетті.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Екатерина Мелкова 6 наурыз күні Гоголь, 20 мекенжайынан шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмады.

Қыздың жақындары психологиялық ауытқуы болғандықтан, үйге қайтар жолды ұмытып, адасып кеткен болар деп топшылап отыр .

Бойжеткеннің үстінде түрлі-түсті күрте мен жасыл шалбар болған.

Қыздың ата-анасы Жетісу аудандық ІІБ арызданды.

«Қазір бойжеткенді іздестіру бойынша арнайы тергеу тобы құрылды. Оның құрамына криминалды полиция, жасөспірімдер ісі бойынша полиция бөлімшесінің мамандары, учаскелік инспекторлар кірді. Мұның алдында да бұл қыз үйінен кеткен. Қазір оның айналасы, араласатын ортасы тексеріліп жатыр. Бойжеткен аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылады деген үміттеміз», — деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия