jasqazaq.kz

Психодиспансер мен наркодиспансерден алатын анықтама тегін болды

01 қараша 2018, 16:07

Қазақстанда психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезға қарсы ұйымнан анықтама алу тегін болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне өзгерістер енгізілді. Бұрындары бұл үш анықтама ақылы түрде жасалатын.

Шымкент прокуратурасының мәліметінше, бұл анықтамалар 2018 жылдың 2 қазанынан бері тегін беріледі. Осы уақыттан бері ақылы түрде анықтама алған қала тұрғындары өз ақшасын қайтара алады.

«Бұл үшін анықтама берген мекемеге бару қажет», — деді қала прокуратурасының өкілдері.

Құзырлы органның мәліметінше, осы уақытта мекеме заңсыз түрде 5 миллион теңге алған. Психоневрологиялық анықтама — 350 теңге, наркологиялық анықтама — 350 теңге және туберкулезға қарсы мекемеден анықтама алу — 220 теңге көлемінде алып келген деректер анықталды.

«Жоғарыда атап көрсетілген мекемелер заңсыз түрде 8 күннің ішінде 5,4 миллион теңге табыс тапқан: туберкулезға қарсы күрес мекемесі — 406 анықтама (89 320 теңге), психоневрологиялық диспансер — 8048 анықтама (2 816 800 теңге), наркологиялық лиспансер — 7359 анықтама (2 575 650 теңге)», — делінген ведоство өкілдері.

Прокуратура өкілдерінің әрекеті барысында ақылы түрде анықтама беру шарасы тоқтатылды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді