jasqazaq.kz

Психикалық ауруханадан қашып кеткен үш жасөспірім табылмай жатыр

21 қыркүйек 2018, 11:48

Алматыда психологиялық ауруханадан қашып кеткен үш жасөспірім кешеден бері табылмай жатыр.
ҚазАқпарат жазғандай, 14 жастағы Маргарита Козлованы анасы дүйсенбі күні Абай мен Сейфуллин қиылысындағы республикалық психологиялық денсаулық орталығына жатқызған. Анасы Фаиманың айтуынша, қызының көзіне қос көріне бастаған. «Сәрсенбі кешкі 17:00 шамасында 13, 16, 14 жастағы жасөспірімдер ауруханадан қашып кеткен. Олардың қашып шыққан сәті сыртқы бақылау камераларына түсіп қалған. «Бірден полицияға хабар берілді. Буран экипажы келіп, деректі тіркеді. Содан бері үшінші тәулікке кетіп барады балалар табылмады. Қасындағы 13 және 16 жастағы бала мен қыз бұрын да қашып үйренген деп естідім. Ал менің қызым үйден шықпайтын. Менің ойымша, ол ана екі баланың ықпалымен кетті», — деді Фаима. Маргаританың үстінде жасыл жемпір болған. Шашы сары, ақсары қыз. Анасы көрген адамдар болса, хабарласуларын өтінді. Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір жасөспірімдерді іздестірумен Алмалы аудандық ІІД айналысып жатыр. «Үш пациент кетіп қалған. Олардың симтоматикасына келсек, оларда дромомания белгілері байқалған. Бұл үйден кетіп қалу, кезбелікке бейімділік дегенді білдіреді. Қазір оларды біздің қызметкерлер де, полиция да іздестіріп жатыр», — деді Республикалық ғылыми-практикалық психиатриялық денсаулық орталығы бас директорының орынбасары Қуаныш Алтынбеков. Орталықтың медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің басшысы Ажар Әбееваның айтуынша, аталған дерек бойынша қазір ішкі тексеру жүріп жатыр. «Бұл жерде клиникалық протоколдан негізсіз ауытқу дерегі болды ма әлде қызметкерлер міндетін дұрыс атқармады ма сол мәселелер қаралады. Осы тәртіп бұзушылықтар тіркелген анықталған жағдайда сәйкесінше шара қабылданады. Бұл жағдайда ішкі тәртіп бұзылған. Менің ойымша, тәрбиешінің назарын әдейі басқаға бұрып, ұрымтал тұсты пайдаланған жасөспірімдер шығып кеткен. Балалардың бірі инициатор болып, қалғаны оның артынан еріп кетуі мүмкін», — деді Ажар Әбеева.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді