jasqazaq.kz

Протезіне есірткі тығып өтпек болған

11 ақпан 2020, 14:39


Жамбыл облысында орналасқан Меркенің «Айша бибі авто» шекаралық өткізу пунктінде есірткі тасымалдаушы ұсталды.
Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.  Біздің елден Қырғыз Республикасына қарай жаяулатып бет алған, жас мөлшері 50-ге жақындаған ер адамға айналасындағылар аяушылықпен қарағандығы байқалып тұрды. Оның оң аяғының орнында протез болатын. Алайда, шекарашылардың есірткі іздеуге арнайы үйретілген «Рада» атанған иті әлгі мүгедек адамды «есірткі тасымалдаушы» ретінде меңзеді. Иттің қателесуі мүмкін емес еді. Шекара наряды күдіктіні арнайы бөлмеге алып барып, толық тексеру жүргізді. Күдік расталды. Оның протезі жәй ғана протез емес, арнайы дайындалған контейнер екендігі анықталды. Қазір оның ішінен табылған зат есірткі болуы мүмкін деген күдікпен сараптамадан өткізіліп жатыр. Көлемі мен түрі анықталу үстінде. Ұсталған азамат 47 жастағы қазақстандық екен. Күдікті Жамбыл аудандық полиция бөліміне тапсырылды, — делінген ҰҚК хабарламасында.
Сонымен қатар, шекарашылар Жайық өзенінің бойын шолып жүріп «Иса Батыр» катері мұз үстінен екі «Урал» мотоциклдерін тауып алды. Иелері заңсыз балық аулап жүріп аяқ астынан шыға келген катерді көре салып «табандарын жалтыратып» үлгерсе керек, екі мотоциклдің жүксалғыштары толы асыл тұқымды балық болып шықты. Жалпы салмағы 40 кг-ға жуық балықтың құны 120 000 теңгеден астам болуы мүмкін.

Табылған балық актіленіп теңіз өнімдерін өңдейтін «Тілекші» ЖШС-не тапсырылды.

baq.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия