jasqazaq.kz

Прокурор Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

24 қыркүйек 2020, 10:38

Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бұл туралы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Мемлекеттік айыптау күдіктінің кінәсін жеңілдету фактілерін ескерді: Ертаев кінәсін мойындады, қылмыстық істі тергеуге көмектесті, шығынды ішінара өтеді, сондай-ақ ол — кәмелет жасына толмаған балалардың әкесі.

«Прокурор аса ауыр жаза мен онша ауыр емес жазаны біріктіру арқылы 11 жылға соттауды сұрады. Онымен қоса мүлкін тәркілеу, 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап етті», — деп хабарлады соттағылар.

Біз бұған дейін Жомарт Ертаевтың ісіне қатысты соттың басталғанын хабарлаған едік.

Естеріңізге сала кетейік, Жомарт Ертаев өткен жылдың мамырында Мәскеуде ҚР ІІМ мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталған болатын. ҚР ІІМ мәліметінше, Ертаев аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде болған.

Кейіннен Жомарт Ертаев кінәсін мойындады .

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық