jasqazaq.kz

Прокурор судьяны елік екен деп атып тастады

17 қараша 2017, 16:47


Прокуротура қызметкері судьяны аңға шыққанда кездейсоқ атып алған. Бұл туралы 17 қараша күні Башқұртстан Республикасы бойынша Ресей тергеу комитетінің тергеу басқармасында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 16 қараша күні Мечетлин ауданында болған. Судья екі танысымен орманға барған. Үшеуінің де құс пен елік атуға рұқсаттамалары мен «Сайга» қарулары болған.

Оқиғаның қалай болғаны әлі де болса анық емес. Ер адамның бірі мылтықпен машинадан шыққан, сол кезде мылтықтың атылған дыбысы естілген, кейін олар 41 жастағы судьяның жарақаттанып қалғанын көреді.

«Ер адамды ауруханаға жеткізген. Бірақ ол сонда қаза табады. Абайсызда болған кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деді Ресей тергеу комитетінің аймақтық басқарма өкілі Светлана Абдрамова.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті