jasqazaq.kz

Прокурор неліктен погонын теріс тағып алғанын түсіндірді

20 сәуiр 2022, 17:35

Қарағанды облысының прокуроры неліктен погонын теріс тағып алғанын түсіндірді. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің жетекшілігімен өткен аппараттық кеңесте қызық оқиға болды. Жиында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің басшысы Жұлдыз Бұламбекова да сөз сөйледі. Желі қолданушылары қадағалау органы өкілінің арнайы киімінің жарғыға сәйкес келмейтінін, оның оң иығындағы погоны қарама-қарсы бағытта бекітілгенін байқаған.

Жұлдыз Бұламбекова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл оқиға туралы айтып берді. Оның айтуынша, әкімдіктегі отырыс бейнеконференц байланыс арқылы таңғы сағат 8.30-да басталған.

«Бір күн бұрын жейдемді жудым. Таңертең асығыс болғандықтан, жейдеме погон тағуды жасөспірім қызыма тапсырғанмын. Сосын тез киініп, әкімдікке жүгірдім. Себебі, жиналыста бірінші сөйлейтінмін. Жолда, әкімдікте погонымның теріс тағылып тұрғанын ешкім айтпады. Бейнеконференцияға қосылып, баяндамамды оқыдым.

Бар болғаны осы. Үйде асығыс болғандықтан айнаға да қарап үлгермедім. Тек кейінірек, біраз уақыттан кейін жиналыстан шыққанымда, погондардың дұрыс салынбағанын білдім», — деп түсіндірді ол.

Бұламбекова бұдан былай жұмысқа өзі киімін дайындайтынын айтты.

«Қызыма ұрысқан жоқпын, кінәлі өзім ғой. Кішкентай қыз қайдан білсін. Бұдан былай погондарды өзім бекітемін. Болған жағдайға өкінемін. Қазір мен интернеттегі «жұлдызбын». Жалпы, мұндай оқиға менің өмірімде бірінші рет болып отыр», — деді басқарма бастығы.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр