jasqazaq.kz

Прокурор мен полицияның аудиожазбасына қатысты тергеу жүргізілуде

14 мамыр 2020, 17:14

Маңғыстау облысының полициясы әлеуметтік желіде жарияланған аудио жазбаға байланысты ішкі тергеуді бастады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, аудиода полиция қызметкері мен облыс прокурорының арасындағы іңгіме тіркелген.

Бүгін, 14 мамырда саясаттанушы Ербол Еділовтің Telegram каналында 21 минуттық аудио жазба пайда болды. Онда Ақтау қаласының полиция қызметкері мен Маңғыстау облысының прокуроры арасындағы әңгіме тіркелген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, полиция қызметкерін қызметтен кетіргелі жатыр. Әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбиді. Ол жұмысынан кетірмес үшін прокурордың көмегіне жүгінеді. Ол оған ақшаға көмектесе алатын адамға жолықтыруға келіседі. Ал ол адам Маңғыстау облысындағы жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы көрінеді.

Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 14 мамырда, Еділовтың Telegram парақшасынан полиция қызметкері мен прокурордың көлік ішіндегі әңгімесінің дыбыстық жазбасы жарияланғаны анықталды. Аудио жазбаға сәйкес, Маңғыстау облысының полиция басқармасы қызметтік тергеуді бастады, деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Байқаңыз, видеода бейәдеп сөздер бар!

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия