jasqazaq.kz

Прокурор Қызылорда облысының экс-әкімін 8 жылға соттауды сұрады

08 желтоқсан 2020, 12:05

Прокурор Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Ысқақов Қуанышбек Досмайылұлына Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша айып тағылды, – деді айыптаушы тарап. – Прокурор Ысқақовты өзінің әрекетіне сәйкес сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр».

Ысқақовқа қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ал оның екі орынбасары мен екі кәсіпкер бұл қылмысты жасауға көмектесуші ретінде сотталып жатыр. Прокуратура екі орынбасардың әрқайсына жеті жыл, кәсіпкерлердің әрқайсына алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары «Сыр мейірімі» қоғамдық-әлеуметтік қорына тиесілі 80 миллион теңге (190 мың доллар) көлеміндегі қаражатты жымқырды деп айыпталуда.

Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты сот үкімі 10 желтоқсанда Қызылорда қаласының екінші қалалық сотында шығады.

Сотта Қуанышбек Ысқақов соңғы сөзін айтты, ол өз кінәсін мойындамады. Экс-әкімнің айтуынша, оның Арыс қаласына арналған қаражатқа да, «Сыр мейірімі» қорына да еш қатысы жоқ.

«Куәлардың жалған айғақтары мен жәбірленуші Әбдірахимованың жалған құжаты негізінде айып тағылып отыр», — деп есептейді сотталушы.

Қуанышбек Ысқақов пен оның орынбасарлары Марат Делмұханов, Мұрат Имандосов былтыр көктемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.

sputniknews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия