jasqazaq.kz

Прокурор Gelandewagen жүргізушісін 8 жылға қамауды сұрады

18 ақпан 2019, 17:24

Алматыда үш адамның өмірін жалмаған жол апатына айыпты Ілияс Кар 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін сотта белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл іс аяқталуға жақын қалды. Ілияс Кар мас күйінде көлік айдап, үлкен жылдамдықпен келе жатып жол апатына ұшырады. Карға қатысты барлық айыптаулар сот тергеуі кезінде дəлелденді. Алкогольді ішімдік ішкені де анықталды. Ілияс Карды жол апатына айыпты деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын»,- деді прокурор. Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы оны 7 жылға көлік айдау құқығынан айыруды сұрады. Ілияс Кар зардап шеккен үш тараптың материалдық шығындарын өтеген. Сотталушы тараптардың сұраған 10 млн теңге моральдық өтемақысының орнына 1 млн теңгеден ғана бере алатынын айтқан. Сонымен қатар, мерт болған Бақытнұр Кұнапияұлының бауыры мен Айзада Сатыбалдиеваның күйеуі Бақыт Беделхан Ілияс Карды бас бостандығынан айырмауды сұрады. Айта кету керек, қайғылы оқиға 29 желтоқсанда болған еді. https://www.inform.kz/kz/almatyda-zhol-apatynan-tanymal-aktrisa-koz-zhumdy_a3482907 Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында Mersedes Gelаndеwagen және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан болатын. Mersedes Gelаndеwagen көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Жол апатынан 3 адам — Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды. Олардың арасында белгілі актриса Шолпан Елгезек бар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда