
Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен сот отырысында прокурор Төлеген Жарасбаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың шетелде үй-жайы барын айтып, қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін ескертті. nur.kz жазғандай, прокурор экс-министрдің үй қамақта болу мерзімін 14 маусымға дейін ұзартуды сұрады.
Ол мұны Е. Біртановтың үй қамақта болу тәртібін бұзғанымен және қылмыстық іске қатысты деректерді шетелдіктерге беруімен түсіндірді. Атап айтқанда, қкүдікті Швецияның Қазақстандағы елшілігі мен Ericsson Nikola Tesla компаниясына тергеу деректерін берген көрінеді.
Дәл осы компаниямен елімізде ақпараттық жүйені енгізуді көздейтін келісім жасалған болатын. Бұрынғы министрге бірнеше миллион долларды жымқырды деген айып тағылып отыр.
Т. Жарасбаев, сондай-ақ, Е. Біртановтың жақын туыстарында шет мемлекеттерде тұруға рұқсат беретін ықтияр xат бар екенін де атап өтті.
Jas Qazaq -Aqparat