jasqazaq.kz

Прокурор 4 жылға сотталды

10 желтоқсан 2019, 11:38

Ақмола облысы Қорғалжың ауданының бұрынғы прокуроры Д. Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысы Қорғалжың ауданының прокуроры Д.Омарға қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізген болатын. Бұл фактіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеулер департаментімен бірлесіп анықтаған. «Д.Омар Қорғалжың қорығының басшысы А.Сексенбиевтен 23 миллион теңге ақша резервінің кассада заңсыз болу фактісін өз қорытындысында көрсетпегені үшін 5 миллион теңге мөлшерінде пара алуға тырысты деп күдіктелген. Осы жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық №2 аудандық сотының үкімімен Д.Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп атап өтеді ведомстводан. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан және әділет кеңесшісі арнаулы атағынан өмір бойына айырылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда