jasqazaq.kz

Прокуратура сайлау күнінде бірқатар заң бұзу әрекеттерін анықтады

10 маусым 2019, 16:27

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Зәуреш Баймолдина Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күнінде прокуратура органдары қандай заңбұзушылықтарды анықтағанын айтып берді.

«Прокуратура әкімшілік құқықбұзшылық белгілерінің бар екендігін анықтаған материалдарға жеке тоқталып өтейін. Олардың жалпы саны 19 болды. Істің басым бөлігі (12) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің азаматтарға өзге тұлғаның атынан дауыс беру үшін бюллетеньдерді беруіне қатысты. 6 материал сайлаушылардың бірдей сайлау құқығы талаптарын бұзуымен байланысты болды. Яғни, бұл жағдайда олар өзге сайлаушылардң орнына дауыс бермек болды», — деді Зәуреш Баймолдина Орталық сайлау комиссиясының отырысында. Оның айтуынша, іс жүзінде барлық деректерде сайлаушы учаскелік сайлау комиссиясының мүшесінен өзінің отбасы мүшелері үшін дауыс беруге мүмкіншілік жасауын өтінген. «Бұл әсіресе ауылдық жерлерде барынша өзекті болды. Жұбайы, балалары үшін дауыс беру көптеген ауыл тұрғындары үшін сайлау заңнамасын бұзушылық болып есептелінбейді. 1 материал сайлауалды үгіт жүргізу ережесін бұзумен байланысты болды. Аталған бұзушылықтардың 40 пайыздан астамы, нақты айтқанда 8-і Түркістан облысына тиесілі. Алматы мен Атырау облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екіден іс тіркелді. Бұл істер құзіретті органдардың қарауында жатыр. Біз олардан тиісті ақпараттарды сұраймыз», — деді ОСК мүшесі.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде