jasqazaq.kz

Прокуратура: Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ

26 ақпан 2020, 18:07

Елорданың уақытша ұстау изоляторында көз жұмған Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін қалалық прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Ағаділдің көз жұму жағдайы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Дәл сол күні барлық мән-жайды зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды», — деп хабарлады елорда прокуратурасынан. Атап өтілгендей, көз жұмған Д.Ағаділдің отбасының адвокаты берген өтініш бойынша 26 ақпан күні өздері (отбасының) шақырған жеке сот сарапшыларының (А. Ақанбеков, Р.Сатыбалдиев) қатысуымен марқұмның денесіне зерттеу жүргізілген. «Оның нәтижесі бойынша, жұмылдырылған мамандар Ағаділдің өліміне өткір жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болғанын анықтады. Денесінде зорлық-зомбылықтан болатын қандай да бір жарақаттар анықталмады. Іске тартылған сарапшылар, сонымен қатар оның бауыры мен адвокаты тарапынан ескерту немесе өтініш берілген жоқ. Сот сараптамасының қорытындысы лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша беріледі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», — деп хабарлайды ведомстводан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия