jasqazaq.kz

Продэкспо – 2020 «Алтын медалі» Қазақстанның балмұздағына табысталды

18 ақпан 2020, 16:05

Мәскеуде «ПродЭкспо-2020» азық-түлік өнімдерінің, сусындар мен шикізаттың 27-ші халықаралық көрмесі қазақстандық балмұздақтың жеңісімен аяқталды.

Биыл экспозицияға рекордтық көрсеткіште әлемнің 70 елінен 2600 қатысушы, оның ішінде Қазақстаннан 24-і келген. Олардың қатарында Орталық Азияда балмұздақ өндіру саласының көшбасшысы және қазақстандық балмұздақты шетел нарығына алғашқы экспорттаушы «Шин-Лайн», «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы, алкоголь өнімін өндіруші «Бахус» және «Алматы Стекло» шынытараны декорациялау және өндіру жөніндегі компаниялары бар.
«Шин-Лайн» компаниясы Қазақстанға «Үздік өнім-2020» аталымының дипломы және алтын медалімен оралды. Бұл марапат трюфель-қызыл апельсин «Бахрома» кілегейлі балмұздақ эскимосы және «Мишка на плюсе» қант стақаны — шоколадтты пломбир және шоколадтағы пломбир эскимо зефир балмұздағы үшін тапсырылды.
««Шин-Лайнға» Продэкспо сынды деңгейдегі тәуелсіз сараптамалық бағаны алу маңызды. Бұл компанияның барлық мамандарының жоғары кәсібилігін көрсетеді. «Үздік өнім» дипломы мен алтын медалі ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің аумағында балмұздақ санатындағы біздің өнімдеріміздің жоғары сапасына кепілдік береді, бұл тұтынушылар үшін таңдау жасауда жол сілтер бағыт болып табылады. Компанияның барлық қызметкерлері үшін аталмыш оқиға жаңа маусымның басталуында жаңа жетістіктерге деген тамаша мотивация, ал біздің тұтынушы үшін ең үздік балмұздаққа қол жеткізе алуының кепілдігі», — деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.
«Продэкспо» — Ресей мен Шығыс Еуропадағы ең ірі халықаралық сусындар мен азық-түлік көрмесі. Ал, «Үздік өнім» халықаралық салалық дәмін тату байқауы Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігімен өткізіледі. Ұйымдастырушылар жыл сайын қатысушылардың саны артып, байқауға ұсынылатын өнімнің деңгейі өсе түскенін атап өтуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия