jasqazaq.kz

Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды

19 шiлде 2019, 11:41

Бейбіт Исабаев Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты жазды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада. Айта кетейік, Исабаева бұған дейін Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған еді. Ал бұл қызметке ол Қайрат Нұрпейісовтің орнына келіп отыр. Ол өз кезегінде басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған. Айта кетейік, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысында Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. Көптеген елде Қазақстанның елшісі қызметін атқарып, бірқатар марапатқа ие болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде