
Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынатын болды. Бұл туралы Презденттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады.