
Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өткен президент сайлауы бойынша алдын ала қорытындыны жариялап, қай өңірде азаматтар белсенді дауыс бергенін хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ОСК мәліметінше, сайлауға дауыс беру құқығы бар 11 953 465 қазақстандықтың 69,44 пайызы немесе 8 миллион 300 мың 46 адам қатысқан.
Жетісу облысының тұрғындары едәуір белсенді дауыс берген. Онда сайлаушылардың 81,42 пайызы дауыс беруге қатысқан. Сондай-ақ, көшбасшылар арасында:
Қызылорда облысы – 81,07 пайыз;
Түркістан облысы – 80,37 пайыз:
Абай облысы – 80,18 пайыз.
Сондай-ақ, жоғары белсенділік байқалған өңірлер:
Жамбыл облысы – 79,57 пайыз;
Шығыс Қазақстан облысы – 79,49 пайыз;
Қостанай облысы – 79,28 пайыз;
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,01 пайыз;
Ақмола облысы — 78,87 пайыз;
Қарағанды облысы – 78,39 пайыз;
Павлодар облысы — 77,58 пайыз.
Азаматтардың жартысынан астамы дауыс берген өңірлер:
Ұлытау облысы – 75,48 пайыз;
Ақтөбе облысы – 72,81 пайыз;
Алматы облысы – 72,1 пайыз;
Атырау облысы – 70,87 пайыз;
Батыс Қазақстан облысы – 68,67 пайыз;
Маңғыстау облысы – 66,99 пайыз;
Шымкент – 59,79 пайыз.
Сайлауда аз белсенділік танытқан өңірлер Астана мен Алматы болды. Қалаларда азаматтардың жартысынан көбі сайлау учаскелеріне келмеген.
Астанада сайлаушылардың 48,67 пайызы, Алматыда 28,72 пайызы ғана дауыс берді.