jasqazaq.kz

Президентке маска тақпағаны үшін айыппұл салынды

24 мамыр 2021, 11:33

 Бразилия президентіне масқа тақпағаны үшін айыппұл салынды.

АҚШ балаларды вакциналауды жоспарлап отыр. Американың Moderna концерні 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдануға рұқсат алу үшін Еуропалық одаққа құжаттарды тапсыруға ниетті. Қазіргі уақытта Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі (EMA) немістің BioNTech компаниясы мен оның америкалық серіктесі Pfizer-дің вакцинаны 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге егуге рұқсат беру өтінішін қарастыруда.

Пандемия алдында барлығы тең. Бразилия президенті Джейр Болсонару Мараньян штатында өткен жаппай іс-шараға қатысып, онда маскасыз жүргені үшін айыппұл төлейді. Президентпен кездесуге 500-ге жуық адам қатысты. Бұл штатта қатысушылар саны 100 адамнан асатын кез келген жиналыстарға тыйым салынған.

Жасөспірімдердің COVID-19 инфекциясын жұқтыруын тоқтату үшін Германияның Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларын вакциналауға дайындалып жатыр. Ведомство мектеп жасындағы балаларды егу үшін вакцина қорын құруға шақырды. Мақсат – тамыз айының соңына дейін, яғни жаңа оқу жылы басталар алдында оқушыларды иммундауды қамтамасыз ету. Пандемия басталғалы бері Германияда коронавирустың 3 648 958 жағдайы және 87 380 өлім тіркелді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде