
Венесуэла президенті Николас Мадуроға белгісіз біреулер дронмен шабуыл жасады. Ел президенті жарақат алып үлгермеген.
NUR.KZ жазғандай, пезидентке шабуылды «Фланелевые солдаты» (Soldados de Franelas) атты топ өз мойнына алған. «Біз жарылғыш заты бар екі дрон президентке жетіп, жарылғанын көздедік. Алайда қарауыл мергендері дронды атып түсірді», — дейді топтың хабарламасында.
Топ осылайша үкіметтің әлсіздігін көрсеткісі келген. Олар президентке тағы да шабуылдайтындарын айтып, сес көрсетті. Бірнеше күдікті қамауға алынған. Жарылыс президенттің мереке кезінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде болған. Мемлекет басшысының сөз сөйлеген сәті тікелей эфирде көрсетіледі. Жарылыстан кейін президент сөз сөйлеуін доғарып, үрейі ұшқан әскерилер жан-жаққа қаша жөнеледі.
Алты сарбаз жарақат алғанымен, президенттің өзі дін аман.
https://youtu.be/-xDapjigVAI