jasqazaq.kz

Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?

Бүгін, 13:47

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады.
Jasqazaq.kz  Жолдаудағы басты бағыттар туралы қысқаша мәлімет ұсынады:

ҚҰРЫЛЫС

— 2027 жыл Жаппай халықтық құрылыс жылы деп жарияланды.

— 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды дамытуға Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге (14,21 млрд АҚШ доллары) бөлінеді.

— Өңірлік инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді газдандыру және халықты ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Халықтық құрылыс» бағдарламасы іске қосылады.

ЭНЕРГЕТИКА

— 2029 жылға қарай Қазақстан электр энергиясының тұрақты профицитін қамтамасыз етуі тиіс.

— «Балқаш» атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталуы керек.

КӨЛІК

— 2027 жылы Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады.

— Автомобиль өткізу бекеттері қайта жаңғыртылып, көлік саласы цифрландырылады.

ЭКОНОМИКА

— Жаңа Азаматтық кодекс 2027 жылдың соңына дейін қабылданады.

— Түсті және сирек жер металдарының қорын басқарудың ұлттық жүйесі құрылады.

— Қазақстандағы атом электр станцияларын алдағы 100 жыл бойы қамтамасыз ету үшін уранның мемлекеттік резерві қалыптастырылады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

— Фермерлердің ұзақ мерзімді қаржыландыруға және жасанды интеллектіні қоса алғанда, заманауи технологияларға қолжетімділігі кеңейтіледі.

БИЗНЕС ПЕН САЛЫҚ

— Үкіметке жаңа Салық кодексіне байланысты туындаған мәселелерді шешу тапсырылды.

— 2027 жылдан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды.

— Билік сән-салтанатқа салынатын салықты енгізу мүмкіндігін зерделейді.

ЦИФРЛАНДЫРУ

— 2027 жылғы 1 маусымға дейін Президент Әкімшілігі бюрократияны қысқарту және жасанды интеллектіні енгізу арқылы мемлекеттік аппаратты реформалау жоспарын ұсынады.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

— 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл өзгеріс шамамен 1,8 млн адамға әсер етеді.

— Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарда жұмыс істейтін 77 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысын еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

— Әлеуметтік көмек ең алдымен мұқтаж азаматтарға көрсетіледі. Жаңа тәсілдер әуелі сынақтан өткізіледі.

— Мектептерде мұғалімдердің есеп беру жүктемесі азайтылып, олардың құқықтарын қорғау күшейтіледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі