jasqazaq.kz

Президент жолдауы – кәсіпке қолдау

22 қазан 2022, 16:58

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында кәсіпкерлікті, оның ішінде туризмді дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті. Басқосуға қоғамдық штаб төрағасы Еркін Сатқанбаев, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров және туризм саласының өкілдері қатысты.

– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында елде, қоғамда орын алатын ауқымды саяси-экономикалық өзгерістердің басым бағыттарын айтып берді. Бұл маңызды құжат жазда Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты өткен жалпы халықтық референдумның жалғасы іспетті. Мемлекет басшысы сол референдумда ұсынылған өзгерістердің негізінде елде саяси реформалар жүргізіп келеді. Оның ішінде әділетті Қазақстан қалай құрылады? Ол үшін мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту қажет. Соның бір көрінісі – алдағы 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы. Әділетті Қазақстанды құру жолында әр қазақстандық қалыс қалмауы қажет. Халық өзінің талап-тілегін заң аясында жеткізіп, іске асыруда шеттен тыс қалмауы керек, – деді Еркін Тұрниязұлы.

Ал туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті мен туризм саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталды. Кәсіпкерлерге ақпарат берді.

– Бүгінде туристік бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілуде. Соның бірі – жеңілдетілген несие беру. Мысалы, кәсібін жаңа бастағандар үшін 7жылға дейін сомасы 10 миллион теңгеге дейін 1 пайызбен несие беріледі. Ал ірі кәсіпкерлерге алты пайызбен ұсынылады. Оған қоса шетелден келген туристер үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау, туристік нысан құрылысы шығындарының бір бөлігін өтеу, жол бойында қызмет көрсету, көлік сатып алу шығындардың бір бөлігін өтеу секілді бірнеше қолдау бар, – деді Ерлан Ермекұлы.

Басқарма басшысы әр инвесторға еліміздің заңдарына сәйкес қолдау көрсетуге дайын екенін ерекше атап өтті.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр