
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.
«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.
Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.