
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Жаңаөзендегі газ бағасының көтерілуіне қарсы митингке шыққан тұрғындарға қатысты Twitter-де пікір білдірді.
«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек», — деп жазды мемлекет басшысы.
Дал поручение правительству срочно рассмотреть ситуацию в Жанаозене с учетом экономической целесообразности, в правовом поле. Демонстранты не должны нарушать общественный порядок.