jasqazaq.kz

Президент XVI Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау жолдады

23 мамыр 2019, 12:23

Алматыда XVI Еуразиялық медиа форум жұмысын бастады. Биылғы форумның негізгі тақырыбы «Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы».

 ҚазАқпарат  хабарлағандай, алқалы жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Құрметті форум қатысушылары, кезекті медиа форумның басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Осыдан 15 жылдан астам уақыт бұрын аталған алаң құрылып, онда журналистер қоғамдастығы барынша өзекті тақырыптар төңірегінде кеңінен пікір алмасады. Форумның өзі 2001 жылы Нью-Йоркте орын алған белгілі оқиғадан кейінгі әлемдік геосаясаттағы айтарлықтай өзгерістерді ой елегінен өткізу үшін туындаған еді. Медиа форумда жылдан жылға халықаралық және өңірлік күнтәртіптегі ең өткір, көкейтесті пробелмалар талқыланады», — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында. ҚР Президенті форум жұмысына медиақоғамдастықтың 7,5 мыңнан астам өкілі, оның ішінде әлемнің 60 елінен 700 сарапшы қатысып жатқандығын атап өткен. «Қазақстан өз дамуының маңызды кезеңіне өтті. 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл оқиға халықаралық қоғамдастықтың айрықша назарын аударып үлгерді. Мен іс басындағы Қазақстан Президенті ретінде әділ, әділетті және демократиялық сайлау өткізуден таймаймын. Сондықтан халықаралық байқаушылар делегациялары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуын қолдаймын», — деп атап өтеді Мемлекет басшысы құттықтауында. Сонымен қатар Президент әлемдік қоғамдастық адамдарды ақпараттардың заңсыз таралуынан қорғау мәселесіне алаңдаушылық танытып отырғандығына, цифрлық технологияларды қолдану арқылы сайлаулар мен саяси процесстерге араласу проблемасын белсенді талқылап жатқандығына назар аудартты. «Әлеуметтік институттар Интернет пен әлеуметтік желілердің, әсіресе өсіп келе жатқан жас буынға деструктивті ықпалына алаңдаушылық танытып отыр. Адамдар жаңа құбылыстар миен қатерлерге иммунитеттің қалыптасуын қажетсінеді. Мұның барлығын және өзге де проблемаларды медиа қоғамдастықтар жан-жақты жауап алу мақсатында байыппен зерделеуі қажет», — деп атап өтеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда