
Ертең, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. «Ертең, 8 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады», — деп жазды Б.Уәли Facebook-те.