jasqazaq.kz

Президент: Тәуелсіздіктің екінші онжылдығы Қазақ елінің өрлеу кезеңіне айналды

15 желтоқсан 2021, 17:49

Тәуелсіздіктің екінші онжылдығы – Қазақ елінің өрлеу кезеңі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында осындай пікір білдірді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Экономиканы өркендету үшін ауқымды реформалар қолға алынды. Жеке кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасалды. Жастарымыз әлемнің үздік университеттеріне оқуға жіберілді. Қазыналы Ұлттық қорымыз құрылды. Ұлы көшке жол ашылып, шетте жүрген қандастарымыз атамекеніне қайтарылды.

Екінші онжылдық – Қазақ елінің өрлеу кезеңі. Біз керегемізді кеңейтіп, тұғырымызды нығайттық. Халықтың әл-ауқатын арттыра түстік. Төл тарихымызды түгендеп, рухани мұрамызды жаңғырттық. Көптеген халықаралық жобаға бастама көтердік. Елге қомақты инвестиция әкелдік», — деді Президент салтанатты шара барысында.

Мемлекет басшысының пайымынша, Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығы Қазақстанның кемелдену кезеңі болды.

«Осы уақытта абырой-беделі артқан мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. 2050 жылға дейінгі стратегиямызды қабылдап, дамыған елдердің қатарына қосылуды межеледік. «Рухани жаңғыру» арқылы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруды қолға алдық. Тұтас түркінің алтын бесігі атанған Түркістанды түлеттік. Саяси реформаларды тың қарқынмен жалғастырдық. Халқымыздың саны 19 миллионнан асты. Осылайша, Қазақстан тұғыры берік, мықты мемлекет болды», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық