jasqazaq.kz

Президент шетелдіктерді тіркеуден босатуды тапсырды

29 қазан 2019, 17:16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көші-қон полициясы органдарында шетелдік азаматтарды міндетті тіркеуден босатуды тапсырды. Бұл туралы президент Алматы әкімдігінде өткен кеңес барысында айтты.

Президенттің сөзінше, әлеуметтік-экономикалық саясатта үкімет пен әкімдер жұмысының негізгі бағыттарының бірі – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары мен принциптерін енгізуді жеделдету.

«ЭЫДҰ стандарттарына тоқталсақ, егер біз үлкен қалалар мен тұтас мемлекеттің инвестициялық және туристік тартымдылығын күшейткіміз келсе, қысқа мерзім ішінде шетелдіктерді көші-қон полициясы органдарында міндетті тіркеу сияқты анахронизмнен арылу керек. Шетелдік қонақтарға келтірілетін қолайсыздықтан бөлек, міндетті тіркеу – бұл үлкен сыбайлас жемқорлықтың көзі. Өз кезегінде бұл Алматының, тұтас мемлекеттің беделіне теріс әсер етеді», — дейді президент.

Тоқаев шетелдік қонақтардың шекаралық бақылаудан өтуінің өзі көші-қон тіркеуі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы үкіметке аталған мәселені жаңа жылға дейін шешуді тапсырды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда