jasqazaq.kz

Президент сапары: Қазақстан өз тауарын Иран арқылы транзиттеуге келісті

20 маусым 2022, 11:03

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға ресми сапары шеңберінде Қазақстан өз тауарларын осы ел арқылы транзиттеу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раисидің кеңейтілген құрамдағы келіссөзінің маңызды нәтижесінің бірі — ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде Қазақстан-Иран ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою болды. Құжатқа Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев қол қойды. Меморандумға сәйкес Иран Қазақстан бидайы мен басқа да ауыл шаруашылығы тауарларының еркін транзитін өз аумағы арқылы қосымша баждар мен алымдарсыз қамтамасыз етеді. Тараптар СВОП операциялары бойынша Қазақстанда өндірілген бидайды Иранға әкелуді және осындай мөлшердегі бидайды Иранның шығу шекараларынан әкетуді ынталандыратын болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге байланысты мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс тобын құру жоспарланған.

ҚР ИИДМ мен Иран Ислам Республикасының Жол және қалалық даму министрлігі оңтайлы жылдамдық пен бағаны сақтай отырып, тауарлардың транзитін қамтамасыз ету үшін үшінші елдердің тиісті органдарымен байланыс орнатуға келісті.

Меморандум қол қойылған күні күшіне енді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр