jasqazaq.kz

Президент ревизия жүргізуді тапсырды

24 мамыр 2019, 15:47

Мемлекет басшысы үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген қызмет түрлеріне ревизия жүргізуді тапсырды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялады, деп хабарлайды Ақорда.    «Қиын-қыстау заманда мемлекет экономикалық өсімді қолдаудың ауыртпалығын әрқашан өз мойнына алды. Экономиканың жүйелі бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын естен шығармаған абзал. Дәл осы себептен мемлекеттің экономикадағы үлесін ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына дейін жеткізу міндеті қойылды. Бұл жеке инвестициялар мен шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді», — деді Тоқаев ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген барлық қызмет түріне ревизия жүргізіп, оларды қысқартуға қатысты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
«Бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялаймын», — деді президент.
Айта кетсек, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиынға Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшелері, президент әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері, ұлттық компаниялар мен еліміздің бизнес өкілдері қатысты.
Отырыс тақырыбы «Кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасын жаңғыртудың негізі» деп аталды.

Sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда