jasqazaq.kz

Президент «QazaqGaz» басшысын қабылдады

11 наурыз 2022, 14:31

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды.

Санжар Жаркешов газ саласын дамытудың кешенді жоспарының әзірленуі жөнінде баяндады. Аталған жоспар ресурстық базаны кеңейтуді және еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.

Мемлекет басшысына сатып алу жүйесінің ашықтық деңгейін арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ұлттық компанияның кадр саясатындағы өзгерістер жөнінде ақпарат берілді.

Кездесуде құбылмалы геосаяси жағдайға байланысты туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент ұсынылған шешімдерді қолдап, толық аудит ұйымдастыру және компания қызметіндегі транспаренттілікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр