jasqazaq.kz

Президент: Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және жақсылыққа жетелейді

24 мамыр 2020, 9:49

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам.

Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және кемелденуге үндейтін қасиетті Рамазан айына жалғасып, жақсылыққа жетелейді.

Имандылықпен берік үндес адамгершілік пен бауырмалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік – ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы.

Оны бүгінгі ұрпақтың өмір салтына айналдыруымыз керек.

Мейрам күндері күллі мұсылман қауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді.

Мұндай игі істер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі.

Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанымыздың арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанды.

Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін.

Ораза айт құтты болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде