
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз жасар Ләйлім-Шамшырақ атты қыздан эстафетаны қабыл алып, Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің бір бөлігін оқыды.
Тоқаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында видеомен бөлісті.
«Кішкентай балдырған қызымыз – Ләйлім-Шырақ Абайдың жүз жетпіс бес жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған жолдаған екен. Мен бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдадым. Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ халқымен қатар айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы елімізді әлемге паш етеміз. Биыл отызыншы мамырда данышпан Абайдың жүз жетпіс бес жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы жарлыққа қол қойдым. Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз!»— деді мемлекет басшысы.