
Өзбек тарихында тұңғыш рет әйел адам парламенттің жоғары палатасына төрайым болып тағайындалды. Танзила Нарбаеваны жаңа қызметке ел президенті Шавкат Мирзияевтың өзі ұсынған.
Палатаның пленарлық отырысында оның кандидатурасын қолдап 81 сенатор дауыс берген Тек екі депутат қалыс қалған.
Танзила Нарбаева бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – Өзбекстан әйелдері комитетінің төрайымы, республикалық кәсіподақтар федерациясы кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарған.
Президент Шавкат Мирзияев Танзиланың еңбек жолына зерделегенін, кенеттен тағайындау еместігін, мұндай шешім қабылдауға бір жылдай уақыт жұмсағанын айтты. Баяндамасының басым бөлігін әйелдер мәселесіне арнаған мемлекет басшысы Танзила Нарбаеваның тындырымды, іскер, адал әрі отаншыл қасиетін ерекше атап көрсетті.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ