jasqazaq.kz

Президент Мысыр халқына көңіл айтты

06 тамыз 2019, 12:31


Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мысыр астанасы Каир қаласында болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. «Қазақстан Мысырмен бірлесіп, елдеріміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске салайық, мұның алдында Каирде жарылыс болып, 17 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Оқиға қала орталығының Маньяль аймағында жағалау маңындағы тасжолда болған. Мысыр Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жарылыстың себебі — жол-көлік оқиғасы. Көлік жоғары жылдамдықпен келе жатып қарсы жолаққа түсіп, басқа көліктермен соқтығысқан. Содан кейін жарылыс болған.

Tengrinews.kz

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда