jasqazaq.kz

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

21 сәуiр 2022, 15:54

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, МКҚ 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мемлекет басшысы бұл құрылымның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын, күзет қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

«Ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық нысандарды, сондай-ақ шетелден келген мәртебелі меймандарды қорғау оңай жұмыс емес. Сіздер осы міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Бұл 30 жыл ішінде қалыптасқан игі дәстүр, сабақтастық екені сөзсіз. Бүгінде Күзет қызметінің әлеуеті орасан зор. Жауынгерлік техникалық және жедел әрекет ету мүмкіндіктері мол. Шын мәнінде, Мемлекеттік күзет қызметін нағыз патриоттардың ұжымы деуге болады. Ең жауапты сәтте Отан үшін аянбай, адал қызмет етіп келесіздер», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі шиеленісті геосаяси жағдайда Мемлекеттік күзет қызметінің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге дер кезінде төтеп беру мүмкіндігінің аса маңызды екеніне тоқталды.

«Жеке құрамның білімі мен біліктілігін одан әрі дамытып, мемлекеттік күзеттің бүкіл жүйесін жетілдіру қажет. Мемлекеттік күзет қызметі – ерекше құрылым. Сондықтан оған қойылатын талап та әрқашан жоғары болмақ. Сіздер жүктелген міндетті шұғыл әрі тиімді атқарады деп сенемін. Мінсіз қызметтеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, бірқатарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары табысталып, Президенттің Алғысы жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концертті тамашалады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр