jasqazaq.kz

Президент Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдады

07 желтоқсан 2022, 13:09

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беріле отырып, Қазақстан мен Литва қарым-қатынастарын дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекет мәселесі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Габриэлюс Ландсбергиске ілтипат білдіре отырып, Литва еліміздің Балтық жағалауы аймағы мен Еуропалық Одақтағы басымдыққа ие серіктесі екенін атап өтті.

Кездесуде үкіметаралық ынтымақтастықты және екі елдің іскер топтары арасында көлік, логистика, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы іс-әрекетті жандандырудың маңыздылығы сөз болды.

Өз кезегінде Габриэлюс Ландсбергис Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Литва Президенті Гитанас Науседаның жүрекжарды сәлемін және ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Литва Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Бұдан бөлек, олар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде