jasqazaq.kz

Президент Қытай парламентінің басшысымен кездесті

22 қыркүйек 2019, 15:34

Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, — деп хабарлайды Ақорда сайты.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 11-12 қыркүйекте Қытайға барған алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындылары мен жасалған келісімдері талқыланды. Сонымен қатар, қазақ-қытай жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жайлы әңгімелесті. Ли Чжаньшу Қазақстан Президентіне үлкен құрмет көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шынайы сәлемін жеткізді. «Төраға Си Цзиньпин Сізді мемлекетті басқару ісінде өз көзқарасы бар, өзара қарым-қатынасымыздың стратегиялық маңызын терең түсінетін, тәжірибесі мол саясаткер ретінде жоғары бағалайды. Сондықтан екі елдің көшбасшылары арасында өте маңызды келіссөздер өтті. Сіздің еліңіз бізге жақсы дос, Сіз де байланыстарымыздың дамуына зор үлес қосып отырсыз», — деді Ли Чжаньшу.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы егемендік құқықтарды өзара құрметтеуге, айнымас халықаралық қағидаттарға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамуға негізделген достық байланыстарды атап өтті. Шын мәнінде, біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жөнінде маңызды, іргелі келісімдер жасалды. Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы мәңгілік стратегиялық сипатта. Бұл келісімдерге Сіздің де қосқан үлесіңіз орасан. Елімізде маңызды іс-шараға қатысасыз. Сізге сәттілік тілеймін!» — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде