jasqazaq.kz

Президент құрылыс саласындағы монополияны сынады

08 ақпан 2022, 15:44

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында коммерциялық нарықты да, мемлекеттік тапсырысты да уысында ұстап отырған құрылыс компанияларын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде бірнеше құрылыс компаниясы ғана үстемдікке ие болып отыр. Коммерциялық нарық та, мемлекеттік тапсырыс саласы да солардың қолында. Шын мәнінде олар бұған әкімшілік ресурсты пайдалану арқылы қол жеткізуде. Үкіметке Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігімен бірге құрылыс нарығын монополиясыздандыру және бәсекелі дамуы бойынша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырамын», -деді Мемлекет басшысы.

Президент ондай монополист компаниялардың аты белгілі екенін атап өтті.

«Тендерді ұтып алып, оны қосалқы мердігерлерге беретін, олар тағы басқа қосалқы мердігерлерге беретін компаниялардың атауы белгілі. Сондықтан оған тоқталмай-ақ қояйын», -деді Президент.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр