jasqazaq.kz

Президент: Қарызға батқан азаматтар мен кедей адамдар көбейіп барады

08 ақпан 2022, 13:37

1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл туралы Үкіметтің кеңетілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші — халықтың табысын арттыру және теңсіздікті азайту. Табыс табу — азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартудың және болашаққа деген сенімін нығайтудың басты факторы. Өкінішке қарай соңғы кезде жұрттың табысы экономикалық өсімнің емес, әлеуметтік трансферттің есебінен көбейді. Ашығын айтқанда жәрдемақымен және зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар аз емес», — деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті соңғы 5 жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек кірісінің үлесі 80 пайыздан 67 пайызға дейін қысқарып кеткен. Ал әлеуметтік трансферттер 17-ден 29 пайызға дейін ұлғайған.

«Бұдан азаматтардың кірісі алатын жалақысына емес бюджет шығысына тәуелді екенін байқауға болады. Бұл аз десеңіз жұмыс берушілердің пайдасымен және нарықтағы бағаның көтерілуімен салыстырғанда еңбекақы әлде қайда баяу өсуде. Соның салдарынан қарызға батқан азаматтар мен кедей адамдар көбейіп барады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр